Политика конфиденциальности

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

ОСЫ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТЫ

Төменде веб-сайт үшін ақпаратты жинау және тарату тәжірибесі сипатталған.

ОЙЫНШЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ПАЙДАЛАНУ

  1. Ойыншының дербес деректерін (яғни "Сіз туралы ақпарат" ретінде осы Құпиялылық саясатында аталатын Сіз жеке сәйкестендірілуіңіз мүмкін Сіздің есіміңіз, мекенжайыңыз, телефон нөміріңіз немесе электрондық почтаңыздың мекенжайы сияқты Сіз туралы кез келген ақпаратты) Букмекерлік желісі (соның ішінде оның агенттері мен қызметкерлері), сондай-ақ (қажет болған кезде) Букмекерлік желісі серіктестері мен қосалқы мердігерлері Ойыншы үшін толық қызмет шоғырын ұсынуға мүмкіндігі болуы үшін өңдейтін болады. Букмекерлік желісінде шот ашу үшін Ойыншы туралы ақпарат оны тіркеген уақытта немесе Ойыншы Букмекерлік желісіне жазбаша сұрату бергенде жинақталады.
  2. Кез келген қызметті пайдаланған кезде Ойыншы өзінің осы Құпиялылық саясатының талаптарын оқығанын әрі келісетінін және Ойыншы Букмекерлік желісіне Ақпаратты ұсынатын тармақты (күмән тудырмас үшін веб-сайттардың біреуі арқылы Букмекерлік желісіне сұратуды бергенін не болмаса Ойыншы есепке алу жазбасын тіркеу барысын тек ішінара аяқтаған тармақты қосқанда) мойындайды.

БУКМЕКЕРЛІК ЖЕЛІСІ ҚАНДАЙ АҚПАРАТТЫ ЖИНАЙДЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАДЫ

  1. Букмекерлік желісі Ойыншы туралы Ақпаратты:
  • Қызметтің барлық функцияларын толық шамада пайдалана алуы үшін, соның ішінде ұтыстар тігу үшін  Букмекерлік желісіне Ойыншының аккаунтын жасауға мүмкіндік беруі;
  • Букмекерлік желісі қолдау қызметінің көмегімен Ойыншыдан сұрақтар мен түсіндірмелер алуға мүмкіндік беру, сондай-ақ оларға әрекет етуге дайын тұру;
  • Ойыншыны тіркеуге қатысты тиісті ережелерді сақтау, мысалы, жасын тексеруді аяқтау, Букмекерлік желісінің болашақ оқиғалары, ұсыныстары мен акциялары туралы Ойыншыға хабарлап отыру үшін жинайды.
  1. Букмекерлік желісі атынан деректерді өңдейтін Букмекерлік желісі серіктестері мен қосалқы мердігерлерімен ақпаратпен алмасуды (соның ішінде тиісті жағдайларда Ойыншы туралы Ақпаратты) қосқанда, жоғарыдағы 1-тармақта аталған мақсаттардың кең тізіміне қосымша Букмекерлік желісі тек мыналар үшін:
  • Ойыншының Шотын жасау, пайдалану және басқару үшін;
  • Букмекерлік желісінде сұралатын кез келген қызметті ұсыну үшін және осындай ұсынумен байланысты кез келген мақсат үшін;
  • Ойыншы туралы Ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін, соның ішінде мұндай ақпаратты (қаржы мекемелерін, жасын тексеруді және кредиттік мекемелердің есептілігін қосқанда) үшінші тұлғаларға ашу үшін және осындай мақсаттармен байланысты (іздестіру туралы есеп сақталатын болады және үшінші тарап тексеру мақсатында басқа компанияларға көмектесу үшін ақпаратты пайдалана алады);
  • Ойыншының және басқа клиенттердің Қызметті пайдалануына қатысты статистикалық деректерді дайындау үшін;
  • тиісті жеке маркетингілік материалдарды дайындап, ұсыну үшін;
  • сервистегі маңызды өзгерістер, техникалық жаңарту мәселелері және ережелер жиынтығындағы (оған осы Құпиялылық саясаты кіреді) өзгерістер туралы хабарлау үшін, шот ұстаушыларға жазбаша хабарламаларды мерзімділікпен жіберу үшін;
  • заңнаманың талаптарына сәйкес келу үшін немесе құқықтық процестерді сақтау үшін немесе спорт органдарының немесе басқа құзыретті органдардың мүдделерін қорғауға арналған әрекеттер үшін;
  • қызмет көрсетумен байланысты күдіктенетін заңсыз, алаяқтық немесе басқа құқыққа қарсы қызметті зерделеу үшін;
  • қылмыс жасалғаны туралы немесе күдіктенген қылмыс туралы хабарлау үшін, (ақшаны жылыстату немесе алаяқтықты қосқанда), сондай-ақ
  • Ойыншының алдындағы Букмекерлік желісінің шарттық міндеттемелерін орындау үшін қажетті кез келген басқа мақсаттар үшін Ойыншы туралы Ақпаратты пайдаланатын болады.
  1. Букмекерлік желісі Ойыншыға үшінші тұлғалардың коммерциялық ұсыныстары немесе жарнамасы туралы сұратылмаған ақпаратты жолдамайды.
  2. Букмекерлік желісі Ойыншының пайдаланушы атын және/немесе аты мен аймағын тек Ойыншының келісімімен жарнама мақсатында пайдалана алады..
  3. Букмекерлік желісінің клиенттерге қызмет көрсету бөліміне/бөлімінен соғылған телефон қоңыраулары оқыту үшін және қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін жазылады.
  4. Егер Букмекерлік желісі өз бизнесін немесе оның кез келген бөлігін беретін немесе сататын болған жағдайда, соның ішінде төлемге қабілетсіз болған жағдайда, Букмекерлік желісі Ойыншы туралы Ақпаратты бере алады.
  5. Егер кез келген уақытта Ойыншы маркетингтік мақсаттар үшін Ойыншы туралы Ақпаратты өңдеуді тоқтатуын қаласа, онда Ойыншы Букмекерлік желісімен байланысқа шығуы керек және Букмекерлік желісі оны тоқтату үшін тиісті шараларды қолданады.

Ойыншы туралы Ақпаратты жаңарту

Ойыншы Букмекерлік желісі қолдау қызметімен байланысу арқылы кез келген уақытта өзі туралы ақпаратты жаңарта немесе жоя алады.